Жаңалықтар

Қыркүйек әлде қыргүйек?

Қазақстанда жаңа Орфографиялық сөздік әзірленеді

Вице-президент Ерлан Қариннің айтуынша, Қазақстанда қазақ тілінің жаңа Орфографиялық сөздігі әзірленеді. Бұл шешім «қыркүйек» пен «қыргүйек» сөздеріне қатысты пікірталастан кейін қабылданған.

Жаңа сөздікті белгілі ғалымдардан құралған арнайы жұмыс тобы дайындайды. Кейін еңбек Мекемеаралық комиссияда қаралып, бекітіледі.

Қариннің сөзінше, Орфографиялық сөздік соңғы рет 2013 жылы жарық көрген. Содан бері тіл қолданысына көптеген жаңа сөздер енген. Сондықтан жаңа сөздікті әзірлеу қажет, алайда бұл жұмыста асығыстыққа да, созбалаңдыққа да жол берілмеуі керек.

Вице-президент жаңа еңбекті Қазақстан тарихының көптомдық академиялық жинағы секілді ұлттық жоба ретінде қарастыруды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button