Эко-әлем
Қызылордада заманауи жылыжай кешенінің құрылысы басталды
«Terra Green» жобасы өңірді жыл бойы көкөніспен қамтуға бағытталған

Республика күні қарсаңында Қызылордада «Terra Green» заманауи жылыжай кешенінің құрылысы басталды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Түркияның Қазақстандағы елшісі Мустафа Капуджу және жоба өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы жылыжай кешені өңірді жыл бойы көкөніспен қамтамасыз етуге, экспорттық әлеуетті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жоба су мен жер ресурстарын тиімді пайдалануға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Кешен іске қосылғанда тұрғындар жыл бойы сапалы әрі қолжетімді көкөніспен қамтамасыз етіледі.




