Жаңалықтар
Сыр өнерпаздары мемлекеттік марапатқа ие болды
Республика күні қарсаңында мәдениет саласының үздіктері ұлықталды

Республика күні қарсаңында Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін дамытуға үлес қосқан бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды.
«Құрмет» орденімен Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының әртісі Ұғым Баймаханов, Арал аудандық мәдениет үйінің «Қазанғап» оркестрінің жетекшісі Жандос Сыдықов және әнші-сазгер Үкітай Ерниязов марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалі Бағдагүл Есмұрзаева мен Бағдәулет Қарғабаевқа табысталды. Ал Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен облыстық филармония әншісі Қанат Заитов марапатталды.
Марапаттар – өнер мен мәдениетті дамытуға, ұлттық руханиятты дәріптеуге қосқан еңбектің бағасы.




