
Соңғы жеті жылда Қазақстанда 772 елді мекен табиғи газға қосылды. Осы кезеңде газдандыру деңгейі 51,47%-дан 64,2%-ға дейін өсті. Инфрақұрылымды дамытуға 612,3 млрд теңге бөлініп, 31,5 мың шақырымнан астам газ желісі салынды.
Газдандыру аясында іске асырылған 821 жоба нәтижесінде табиғи газға қол жеткізген халық саны 9,5 млн-нан 13,1 млн адамға дейін артты. Осылайша, қосымша 3,6 млн тұрғынды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.



