Жаңалықтар

Балқаштың су деңгейі 341 метрге жетті

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді

Соңғы үш жылда Балқаш көліне шамамен 40 млрд текше метр су келді. 2024 жылы көлге 15,9 млрд, 2025 жылы 13,9 млрд, ал биыл жыл басынан бері 9,7 млрд текше метрден астам су түсті.

Қазір көлдің су деңгейі Балтық биіктік жүйесі бойынша 341 метр межесінде сақталып отыр. Іле өзені арқылы келетін су көлемі көпжылдық орташа көрсеткішке сай. Биыл Қапшағай су қоймасы 98%-ға толды.

Балқашты 2040 жылға дейін сақтау үшін француз сарапшыларымен бірлесіп бас жоспар әзірленіп жатыр. Далалық зерттеулер аяқталып, қазір олардың нәтижелері талдануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button