Спонтанды саяхаттар дәуірі келді: бүгінде икемділік саяхаттау мәдениетін түбегейлі өзгертіп жатыр. Әлемдік туризмнің көшбасшысы Expedia Group берген деректерге сүйенсек, қазіргі саяхатшылар демалысты айлап жоспарлаудан гөрі, икемді графкті көбірек таңдайды. Ауа райының құбылмалылығы, жаһандық оқиғалар және күнделікті тіршіліктің қарбалас ырғағы шешімді жылдам қабылдауға итермелейді. Соның салдарынан жолға шығуға санаулы күн қалғанда билет пен қонақүй броньдау әдеті қарқын алып келеді. Деректерге сүйенсек, ұшуға 7–13 күн қалғанда сапар іздейтіндердің үлесі өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға өскен. Егер сіз де демалысты алдын ала созбай, тиімді баға мен арнайы ұсыныстарды аңдып жүргендердің қатарынан болсаңыз, Түркия — Жерорта теңізі жағалауындағы ең тамаша бағыт.
Ұзаққа созылатын жаз маусымы, қонақүйлердің кең таңдауы және соңғы минуттағы тиімді ұсыныстар түрік еліне сапарлауды барынша оңай әрі жайлы етеді. Мөлдір теңіз, алтын жағажайлар мен тасада қалатын көркем шығанақтардан бөлек, мұнда сізді әлемдік деңгейдегі меймандостық, бай түрік асханасы, шарап жасау дәстүрі, түнгі мұражайлар мен суасты дайвингінен бастап парапланмен ұшуға дейінгі ұмытылмас шытырман оқиғалар күтеді.

Анталья және рекордты «Көгілдір тулы» жағажайлар
Спонтанды сапарлар туралы сөз қозғалғанда, бірінші болып ойға Түрік Ривьерасының маржаны Анталья келеді. Жылына 300 күннен астам күн шуақты болатын бұл өңір жоғары сапа мен қолжетімді бағаны шебер ұштастырған. Белек, Кемер және Сиде шипажайлары сәнді демалыс орындарынан бастап спа-кешендерге, бай асхана мен белсенді спорт түрлеріне дейін ұсынады.
Сонымен қатар, Анталья жағалау тазалығы бойынша әлемдік рекорд орнатқан. Мұнда 232 «Көгілдір тулы» жағажай орналасқан. TUI халықаралық рейтингінің қорытындысы бойынша әлемдегі ең әдемі жағажайлардың үздік ондығына Түркияның 4 жағажайы енсе, соның ішінде Белек, Гүндоғду және Кадрие ерекше атап өтілді. Басқа да танымал орындар арасында Капуташ бирюза түсті суымен, Патара сирек кездесетін Caretta caretta тасбақаларымен, ал Кекова су астындағы көне қала қирандыларымен баурап алады.

Эгей жағалауындағы баяу өмір философиясы
Түркияның батыс жағалауы — бұл жай ғана жағажай демалысы емес, табиғат, мәдениет пен гастрономия астасқан ерекше өмір салты. Шағын бутик-қонақүйлер, зәйтүн майына негізделген жеңіл асхана, балғын теңіз өнімдері мен жергілікті шарап жасау дәстүрі мұнда ерекше атмосфера сыйлайды.
Кристофер Ноланның Гомер дастаны желісімен түсірген жаңа туындыларынан кейін, Солтүстік Эгей өңіріне деген қызығушылық қайта артты. Троя көне қаласы орналасқан Чанаккале, Ассос жағалауы және Бозджаада аралы аңыз бен археологияны бір арнаға тоғыстырады. Ал сәл оңтүстіктегі Айвалық пен Джунда аралы өздерінің тарихи көшелерімен және «баяу өмір» (slow-living) философиясымен баурайды.

Саяхатты одан әрі Измир, Чешме, Алачаты және MICHELIN таныған Урла мейрамханаларында жалғастыруға болады. Ал Бодрум, Датча, Мармарис және Фетхие өңірлері өзінің мөлдір суымен және «Көгілдір саяхат» (Blue Voyage) маршруттарымен ұмытылмас демалыс сыйлайды.

Егер сіз демалысыңызды әлі де жоспарлап жүрсеңіз немесе кенеттен сапарға шығуға дайын болсаңыз, күздің соңына дейін созылатын жылы маусым мен соңғы минуттағы тиімді турларды пайдаланып, Түркияға саяхаттаңыз!



