
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 693 теңге болып белгіленеді. Алайда барлық әлеуметтік төлем осы жаңа көрсеткішпен есептелмейді.
Кейбір төлемдерді есептеу кезінде бұрынғы 4 325 теңгелік АЕК қолданылады. Оған балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек, азаматтардың жекелеген санаттарына арналған мемлекеттік жәрдемақылар және жерлеуге берілетін біржолғы төлемдер жатады.
Сондай-ақ 4 325 теңгелік көрсеткіш зиянды әрі ауыр жұмыстарда істейтіндерге берілетін арнайы төлемдер мен жер астындағы, ашық кен жұмыстарындағы қызметкерлерге арналған төлемдерді есептеуде қолданылады.
Ал жеке әлеуметтік төлемдердің бір бөлігі 50 851 теңгелік көрсеткішпен есептеледі. Бұл санатқа мүгедектігі бар адамдарға, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге және асыраушысынан айырылған азаматтарға берілетін төлемдер кіреді.
Яғни, 2027 жылы АЕК 4 693 теңгеге өссе де, барлық төлем автоматты түрде осы мөлшермен есептелмейді.



