Жаңалықтар
Халықаралық айтыста Сыр ақындары топ жарды
Мейірбек Сұлтанхан мен Мұхтар Ниязов бас жүлде мен І орынды иеленді

Қырғызстанда өткен Көшпенділер ойыны аясында қазақ-қырғыз ақындарының VI халықаралық айтысы ұйымдастырылды. Үш күнге созылған сөз додасына Қазақстан мен Қырғызстаннан 16 ақын қатысты.
Қырчын жайлауындағы аламанда Сыр елінің қос ақыны Мейірбек Сұлтанхан мен Мұхтар Ниязов жүлделі орындарға ие болды. Мейірбек Сұлтанхан бас жүлдені, ал Мұхтар Ниязов І орынды қанжығасына байлады.
Айтыста ақындар қазақ-қырғыз арасындағы достық пен татулықты, тарихи сабақтастықты жырға қосты.



