Жаңалықтар

Қызылордалық кәсіпкерлер Корея компанияларымен кездесті

Инвестициялық жобалар мен жаңа өндірістер талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кореяға сапары аясында Қазақ-корей дөңгелек үстелі өтті. Оған екі елдің іскерлік топтары мен жетекші компания өкілдері қатысты.

Кездесуде инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және жаңа өндірістер ашу мәселелері талқыланды. Іс-шараға Жалағаш ауданындағы «Агрохимсервис-С» ЖШС директоры Сергей Ким де қатысты. Кәсіпорын 2020 жылы жеке қаражаты есебінен жылына 30 мың тонна минералды тыңайтқыш өндіретін зауыт іске қосып, 11 жұмыс орнын ашқан. Қазір кәсіпорын өндірістік қуатын арттыру жобасын жүзеге асыруда. Жобаға «Өрлеу» бағдарламасы арқылы 750 млн теңге несие тартылып, құрылыс жұмыстарының 90 пайыздан астамы орындалған. Қытайдан жабдықтар жеткізіліп, монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоба толық іске қосылған соң тағы 5 жұмыс орны ашылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button