Жаңалықтар

Нұржан Шәпи басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды

Жаңа басшының еңбек өтілі 2008 жылдан басталады

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметіне Шәпи Нұржан Арыстанұлы тағайындалды. Ол бұл лауазымға жалпы конкурс нәтижесі бойынша келген.

Нұржан Арыстанұлы 1989 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. 2010 жылы «Болашақ» университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы «Қызылорда электр жүйесін тарату компаниясы» АҚ-да бастаған. 2011–2025 жылдары Қармақшы ауданы әкімдігінің түрлі құрылымдарында қызмет атқарған.

2025 жылдан бері Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button