Жаңалықтар

Қызылордада жаңа кітапхана

Екі жылда үш президенттік кітапхана ашылмақ

Қазақстанда екі жыл ішінде Астана, Алматы және Қызылорда қалаларында жаңа президенттік кітапханалар ашылады. Қазір аталған қалаларда кітапхана құрылысы жүріп жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жаңа нысандар ірі шығармашылық әрі зияткерлік орталыққа айналады.

Бұдан бөлек, Шымкент пен облыс орталықтарында да бірнеше жаңа кітапхана ашылады. Биыл 6 жаңа кітапхананы іске қосу жоспарланған.

Қолданыстағы кітапханаларды жаңғырту жұмыстары да жүргізілуде. Былтыр қала және ауылдардағы 36 кітапхана күрделі жөндеуден өтсе, биыл тағы 30 кітапхананы жаңарту жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button