KZO life

«Kzo.life» медиа жобасы: Қызылорданың медиасына тың серпін

Қызылорданың тыныс-тіршілігін, өңірдегі жаңалықтарды, мәдениет пен тарихты және қаладағы қызықты орындарды насихаттап жүрген «Kzo.life» жаңа кезеңге қадам басты. 5 қазанда Қызылордада медиа жобаның ресми тұсаукесері өтіп, өңірлік кросс-медиа ретінде жұмысы басталды.

Жоба — Kozildirik Media Group компаниясының кросс-медиа экожүйесіндегі алтыншы өңірлік жоба. Оның қатарында «Astana Life», «Түркістан Life», «Абай Life», «Шығыс Life» және «Жез Life» платформалары бар. Әр жоба өз өңірінің жаңалығы, мәдениеті, тарихы, адамдары мен маңызды оқиғаларын кеңінен танытуға бағытталған.


«Kzo.life» 2024 жылы Instagram парақшасы ретінде жұмысын бастап, аз уақыт ішінде өз оқырманын қалыптастырды. Қазір парақшаға 48 мыңға жуық адам жазылған. Осы уақыт аралығында платформа Қызылорданың тыныс-тіршілігін, жағымды жаңалықтарын, мәдени және қоғамдық шараларын, көрікті орындары мен тарихи құндылықтарын оқырманға ұсынып келеді.

Енді KZO Life тек әлеуметтік желідегі парақша емес, толыққанды кросс-медиа платформасы ретінде жұмысын жалғастырады. Оқырманға ақпаратты ыңғайлы форматта жеткізу үшін сайт, Instagram, TikTok, Threads, Telegram және YouTube платформаларында контент таратылады.

Жобаның басты мақсаты — облыс, қала мен ауылдардағы маңызды жаңалықтарды қамтып, әлеуметтік маңызы бар оқиғаларды жедел әрі сапалы түрде оқырманға жеткізу.


Медиа орталықтың тұсаукесерінде облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов пен «Astana Life» медиа орталығының өкілі Гүльжазира Берікқызы арнайы қатысып, жаңа жобаның лентасын қиды. Жиын барысында Руслан Каюпов өңірдегі ақпарат құралдарының маңызына тоқталып, KZO Life медиа орталығының жұмысына сәттілік тіледі.


Алдағы уақытты бізден сіздерге жаңа жоба, сапалы контент және Қызылорданың жаңалықтарын кеңінен ұсынатын боламыз. Барша біздің оқырманға, әріптестерімізге және демеушіміз «Kozildirik Media Group» компаниясына алғысымыз шексіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button