Жаңалықтар

Коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысы бақылауда

Қызылорда облысында коммуналдық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарда. Аймақ әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жиында коммуналдық қызметтердің тиімділігі, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы талқыланды.

Аймақ басшысы жауапты құрылымдарға коммуналдық жүйелердің үздіксіз жұмысын бақылауды күшейтуді, тұрғындардан келіп түсетін өтініштерді жедел қарауды және туындаған мәселелерді уақытылы шешуді тапсырды.

«Су, жарық, жылу және газбен қамту – халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды қызметтер. Бұл бағытта іркілістерге жол берілмеуі тиіс», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сонымен қатар қоғамдық көлік қозғалысын реттеу, электр желілеріндегі авариялық жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік шараларын күшейту міндеттері қойылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button