Жаңалықтар

Әлемдегі ең бай адамдар

Bloomberg агенттігі миллиардерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімнің көшін Илон Маск бастады. Ал сән-салтанат тауарлары саласындағы француз миллиардері Бернар Арно алғашқы ондықтан шығып, 11-орынға сырғыды. Оның орнына ТОП-10-ға 96 жастағы инвестор Уоррен Баффет енді.

Биыл әлемдегі ең бай он адамның барлығы — АҚШ азаматтары. Былтыр алғашқы ондықтағы жалғыз америкалық емес кәсіпкер Бернар Арно болса, биыл оның орнын Уоррен Баффет басты.

  • 1-орын. Илон Маск (Tesla компаниясы), дәулеті 918,8 миллиард доллар.
  • 2-орын. Ларри Пейдж (Google іздеу жүйесінің негізін қалаушы), дәулеті 286 миллиард доллар.
  • 3-орын. Джефф Безос (Amazon компаниясының негізін қалаушы), дәулеті 274 миллиард доллар.
  • 4-орын. Сергей Брин (Google іздеу жүйесінің негізін қалаушы), дәулеті 266 миллиард доллар.
  • 5-орын. Майкл Делл (Dell Technologies компаниясының басшысы), дәулеті 245 миллиард доллар.
  • 6-орын. Марк Цукерберг (Meta* компаниясының тең құрылтайшысы), дәулеті 229 миллиард доллар.
  • 7-орын. Ларри Эллисон (Oracle компаниясының тең құрылтайшысы), дәулеті 208 миллиард доллар.
  • 8-орын. Дженсен Хуанг (Nvidia компаниясының бас атқарушы директоры), дәулеті 181 миллиард доллар.
  • 9-орын. Стив Баллмер (Microsoft-тың бұрынғы бас директоры және «Лос-Анджелес Клипперс» баскетбол клубының иесі), дәулеті 172 миллиард доллар.
  • 10-орын. Уоррен Баффет (инвестор), дәулеті 144 миллиард доллар.

Bloomberg миллиардерлер индексі — әлемдегі ең бай адамдардың күнделікті рейтингі. Ол 2012 жылы іске қосылған. Индекс күн сайын Нью-Йорктегі сауда-саттық жабылған кезде жаңартылып отырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button