Жаңалықтар

Қажылыққа баратындарға ескерту

14 компания бірден шеттетіліп, тек 4 туроператор ғана қалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға қатысатын туроператорларды іріктеу жұмыстарының қорытындысын жариялады. Өткен жылы бұл бағытта 14 компания жұмыс істесе, бұл жолы талапқа сай келіп, конкурстан өткені бар-жоғы 4 қазақстандық туроператор ғана:

  • «Атлас Туризм» ЖШС;
  • «Нұрхан Тревел» ЖШС;
  • «Тауаф Тревел» ЖШС;
  • «Хикмет Тревел» ЖШС.

Дегенмен, ҚМДБ түсіндіруінше, ашық конкурстан өтпей қалған басқа туроператорлардың заңды түрде белгіленген тәртіпте жоғарыдағы төрт компанияның бірімен субагенттік негізде қажылық сапарын ұйымдастыруға толық мүмкіндігі бар.

Іріктеу жұмыстарын арнайы құрылған комиссия жүргізіп, үміткерлердің жыл бойғы қызмет көрсеткіштері, оң тәжірибесі, алған туркодтары мен лицензияларының жарамдылығы «Туристік Қамқор» қоры арқылы сараланды. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы тарапынан қойылатын қатаң талаптардың сақталуы қатаң назарға алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button