Жаңалықтар

Валерий Михайлов «Барыс» орденін иеленді

Қаламгердің әдебиеттегі еңбегі еленді


Жазушы Валерий Михайлов I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Марапат жазушыға отандық әдебиеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін берілді. Валерий Михайлов 1946 жылы 7 қыркүйекте Қарағандыда туған. Қазақ политехникалық институтының геофизика факультетін бітірген. Республикалық газеттерде, соның ішінде «Казахстанская правда» мен «Просторда» қызмет етіп, бас редактор болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметін атқарған.

Жазушы Дүкенбай Досжанов, Бекқожа Мұқай және басқа қазақ қаламгерлерінің шығармаларын орыс тіліне аударған.

Оның «Ұлы жұттың жазбалары» деректі шығармасы қазақ тіліне аударылып, 15 рет қайта басылған. Сондай ақ Валерий Михайлов биыл қараша айында 80 жасқа толады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button