Жаңалықтар

Қызылордада жаңа жолдар салынуда

Төрт бағыттағы құрылыс жұмыстары жүріп жатыр

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Инвестициялар тарту кеңесінің отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режимде қатысты.


Өңірде Қызылорда қаласының айналма жолы және «Қызылорда – Сексеуіл», «Бейнеу – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» бағыттарындағы автомобиль жолдарының құрылысы жүргізілуде.

Қала маңындағы айналма жолда тас, қиыршық тас төселіп, свай қағу, көпір тіреулерін бетондау және су құбырларын орнату жұмыстары атқарылуда.

Үш бағытта геодезиялық, топографиялық жұмыстар жүргізіліп, топырақ төселуде. Құрылыс алаңдарына жұмысшылар мен арнайы техникалар жұмылдырылған.

Жобалар өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, елді мекендер арасындағы жол қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button