
Қазақстанда халықаралық көлік дәліздерін дамытуға арналған 55 жобаның жалпы құны $32,6 млрд. Оның ішінде Орта дәлізге $12 млрд-тан астам қаржы бағытталмақ.
Бұл туралы ЕАДБ сарапшысы Айдос Омаров мәлімдеді.
Инвестицияның негізгі бөлігі автомобиль жолдарына – $22,7 млрд, теміржол инфрақұрылымына $6 млрд-тан астам қаржыға жоспарланған.
Жобалар ТРАСЕКА, Орталық Еуразиялық және Орта дәліз бағыттарын қамтиды. Орта дәліз Азия мен Еуропаны Каспий теңізі, Кавказ және Түркия арқылы байланыстыратын балама транзиттік бағыт саналады.



