KZO life

Мұхаммед пен Айлин бәрінен озып тұр

Балаға есім таңдау — әр ата-ана үшін маңызды шешім. Бірі ұлттық дәстүрге сүйенсе, енді бірі мағынасы терең немесе заманауи есімдерге басымдық береді. Ал статистика қазақстандық ата-аналардың қандай есімдерді жиі таңдайтынын көрсетеді.

2025 жылы қыздар арасында Айлин, ал ұлдар арасында Мұхаммед есімі көш бастады. 1 қаңтар мен 10 желтоқсан аралығындағы мәлімет бойынша, Айлин есімі 5 305 қыз балаға, ал Мұхаммед есімі 2 537 ұл балаға қойылған.

2026 жылы да Айлин есімі танымалдылығын сақтап отыр. Жылдың алғашқы тоғыз айында қыздар арасында бұл есім 3 299 рет тіркелген. Екінші орында — 2 919 көрсеткішпен Асылым, үшінші орында — 2 117 көрсеткішпен Медина есімі. Сондай-ақ Томирис, Аяла, Айша, Сафия және Мариям есімдері де алғашқы ондыққа енді.

Ал ұл балалар арасында 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Алан есімі ең жиі қойылған.

Осылайша, Қазақстанда есім таңдауда белгілі бір тұрақтылық байқалады. Дегенмен әр есімнің артында отбасының таңдауы, үміті мен балаға деген тілегі жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button