
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режимде қатысты.
Отырыста құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқықбұзушылықтың алдын алу және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Аймақ басшысы қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, қылмыс деңгейі өскен аумақтарда алдын алу шараларын күшейту жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ қоғамдық орындардағы және отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтардың, қайталанатын әрі алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстардың алдын алуға басымдық беруді тапсырды.



