Жаңалықтар
Жол ережесін бірнеше рет бұзғандар куәлігінен айырылады
Куәлікті бір жылға тоқтату ұсынылды

Қазақстанда жол ережесін бірнеше рет және өрескел бұзатын жүргізушілерге қатысты баллдық жүйе енгізу пысықталып жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Ұсынылып отырған жүйе әрбір заңбұзушылықтың ауырлығын ескереді. Бірнеше мәрте және ауыр құқық бұзушылық жасаған жүргізушілердің куәлігін 1 жылға тоқтату көзделіп отыр.
Сонымен қатар такси қызметіне бақылау күшейтіледі. Агрегаторларға такси ретінде тіркелмеуі үшін 70 мың оң рульді көліктің тізімі жіберілген. Жүргізуші куәліктерін автоматты түрде тексеру де енгізіледі.



