Жаңалықтар

Рауан Игенев World Boxing комитетінің төрағасы атанды

Қазақстандық маман халықаралық бокс ұйымында жаңа қызметке сайланды

Қазақстан бокс федерациясының халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті Рауан Игенев World Boxing ұйымының Спорт және жарыстар комитетінің төрағасы қызметіне сайланды.

Комитет халықаралық турнирлерді ұйымдастыру және жарыс жүйесін жетілдірумен айналысады. Оның міндеттеріне бокстың техникалық ережелерін әзірлеу және қайта қарау, спортшылардың жабдықтарына, салмақ дәрежелеріне және жарыс өткізу талаптарына қатысты мәселелер кіреді.

Сонымен қатар комитет халықаралық жарыстар күнтізбесін, турнирлердің өткізу форматын, әлемдік рейтинг жүйесін, жеребе тарту тәртібі мен іріктеу талаптарын әзірлейді.

Комитеттің ұсыныстары мен қорытындылары World Boxing ұйымының Атқарушы кеңесінің қарауына жіберіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button