Жаңалықтар

Әлемдік компания Қызылордада өндіріс ашады

«ROCA GROUP» өндіріс орнын іске қоспақ

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Roca Group» компаниясының басшысы Даниэль Эрнандеспен кездесті. Кездесуде санитарлық-техникалық бұйымдар шығаратын зауыт салу және компанияның өндірістік жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында зауыттың эскиздік жобасы таныстырылды. Нысанды орналастыру, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және өндірісті ұйымдастыру мәселелері нақтыланды.

Компания басшылығының айтуынша, биыл жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыру желісін іске қосу жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button