Жаңалықтар
Қызылордада ұлттық қолөнерді жаңғырту жобасы аяқталды
14 мұғалім кілем тоқу өнерін меңгерді

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлттық қолөнерді жаңғыртуға бағытталған «Түкті кілем» шеберлер мектебінің қорытынды іс-шарасы өтті.

Жоба 2025 жылдың қараша айында ЮНЕСКО-ның техникалық гранты есебінен ашылған. Мақсаты – дәстүрлі кілем тоқу өнерін жаңғыртып, ұлттық мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізу.
Бір жылға жуық уақыт ішінде Қызылорда қаласындағы мектептердің 14 көркем еңбек пәні мұғалімі түкті кілем тоқудың дәстүрлі әдістерін меңгерді.
Қорытынды шарада оқу бағдарламасын аяқтаған қатысушыларға сертификаттар табысталды. Сондай-ақ шеберлер мектебіне жетекшілік еткен Қазақстан Қолөнершілер одағының мүшесі, қолөнер шебері Қарлығаш Ильясоваға алғыс білдірілді.


