Жаңалықтар

Қызылордалық ұстаз республикалық байқауда үздіктер қатарынан көрінді

Дәулет Бақытбергенов – ел байқауының жүлдегері

2026 жылғы 16–20 қараша күндері Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2026» республикалық байқауы өтті.

Байқауға еліміздің 20 өңірінен іріктелген дене шынықтыру педагогтері қатысып, кәсіби шеберліктерін саралады.

Сайыста Қызылорда облысының намысын қорғаған Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы №91 орта мектептің дене шынықтыру пәні педагогі Дәулет Бақытбергенұлы Бақытбергенов жүлделі ІІ орын иеленді.

Айта кетейік, ол бұған дейін облыстық іріктеу кезеңінде І орын алған. Республикалық байқауда үздіктер қатарынан көрінуі – педагогтің кәсіби біліктілігі мен еңбегінің нәтижесі.

Сыр өңірі ұстаздарының мерейі үстем болсын!

Басқа жаңалықтар

Back to top button