Қазақстандықтар Азия ойындарында сынға түседі
Бүгін спортшылар 14 спорт түрінен өнер көрсетеді

Бүгін, 21 қыркүйекте қазақстандық спортшылар Аичи-Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында жарыс жолына шығады. Жарыс кестесін ҚР Туризм және спорт министрлігі жариялады.
Сағат 05:00-ден бастап академиялық есу, жағажай волейболы және шөптегі хоккейден жарыстар басталды. Қазақстан әйелдер құрамасы шөптегі хоккейден Оңтүстік Кореямен кездесті.
05:30-дан кейін бадминтон, триатлон, оқ және стендтік ату, каратэ, волейбол, ММА, үстел теннисі, жүзу және спорттық гимнастикадан жарыстар өтеді.
Боксшылар 08:00 және 13:00-де рингке шығады. Ал Қазақстанның 3×3 баскетболдан ерлер құрамасы 09:15-те Шри-Ланкамен, 10:30-да Моңғолиямен кездеседі.
12:05-те су добынан әйелдер құрамасы Жапонияға қарсы ойнайды. Түстен кейін қазақстандық спортшылар жүзу, каратэ және ушу бойынша өнер көрсетеді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы бүгін Азия ойындарында жекелей және командалық спорт түрлерінен жарысты жалғастырады.



