
Әділет министрлігі «некені ұзарту керек» деген хабарлама алаяқтық сипатқа ие екендігін ескертті. Әлеуметтік желілерде екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы таралып жатқан «некені тіркеу мерзімін ұзарту қажеттігі» туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
ҚР Әділет министрлігі неке-отбасы заңнамасына сәйкес, неке бір рет тіркеледі және оның шекті мерзімі белгіленбейтінін мәлімдеді. Осыған байланысты Әділет министрлігі некені ұзарту талап етілмейтіндігін ескертеді.
Ведомствоның баспасөз қызметі осыған байланысты азаматтардың назарын осындай хабарламалардың шындыққа сәйкес келмейтініне аударып, оларды көрсетілген сілтемелерге өтпеуге және дербес деректерді бөгде адамдарға ұсынбауға шақырады. Сонымен қатар, дұрыс әрі нақты ақпарат алу үшін ресми дереккөздерге жүгінуді сұрайды.



