Жаңалықтар

Сырдың креативті өнері Астана төрінде

«Creative Aimaq» жобасы аясында көрме-жәрмеңке өтуде

12–13 қыркүйек күндері Астанада «Creative Aimaq» республикалық жобасы аясында «Тамырдан туындыға…» атты көрме-жәрмеңке өтуде.

Жоба Сыр өңірінің тарихи-мәдени мұрасын заманауи шығармашылықпен ұштастырып, ұлттық құндылықтарды жаңа форматта танытуға бағытталған.

Іс-шараға 100-ге жуық креатор қатысып, 21 бағыт бойынша авторлық туындылары мен шығармашылық өнімдерін ұсынуда. Көрмеде ақ күріштен жасалған өнер туындылары, сүйек, ағаш және киізден жасалған ұлттық бұйымдар қойылған.

Сонымен қатар Qyzylorda Hub мамандары мен «Qyzylorda» телеарнасы өз жобаларын таныстыруда. Сыр өнерпаздары жасанды интеллект технологияларымен ұштастырылған концерттік бағдарлама ұсынады.

Айта кетейік, өңірдегі 146 креатордың 120-сы республикалық креаторлар реестріне енгізілген. Бұл көрсеткіш Қызылорда облысын республика бойынша алғашқы үштікке шығарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button