Жаңалықтар
Сенбілікке қатысып, ақша ұтып ал!
Қала жастары мен эковолонтерлер арасында экосайыс өтеді.

Қала жастары мен эковолонтерлер арасында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған экологиялық сайыс ұйымдастырылады.
Сайысқа 10 қатысушыдан құралған 10 команда қатысады. Командалар 60 минут ішінде белгіленген аумақтан қоқыс жинап, оны пластик, шыны және қатты қалдықтар санаттарына сұрыптайды. Әр команда 30 қап қоқыс жинауға тырысады.
Бағалау кезінде қоқысты сұрыптау сапасы, уақытты сақтау және жиналған қалдықтардың жалпы салмағы ескеріледі.
Бұл – тазалыққа жауапкершілікті, командалық рухты және экологиялық мәдениетті қалыптастыратын ортақ бастама.
📞 Қатысу үшін: 8 776 567 32 32 нөміріне хабарласыңыздар.



