Жаңалықтар

Қызылордада отбасы құндылықтары талқыланды

«Отбасы – бақыт мекені» ашық алаңы өтті

Қызылордада отбасы құндылықтарын нығайтуға арналған «Отбасы – бақыт мекені» ашық алаңы өтті. Форсайт-сессияда отбасы тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі, ұрпақтар сабақтастығы, психологиялық ресурс, кітап оқу мәдениеті және адал азамат тәрбиесі мәселелері талқыланды.

Жиынға әйелдер кеңестері, «Әкелер одағы», «Анаға тағзым» орталығы, ата-аналар қауымы, мектепішілік қамқоршылық кеңес және «Ұлағат» ата-әжелер ансамблінің өкілдері қатысты.


Іс-шарада «Отбасылық құндылықтар және Конституция» облыстық конкурсының жеңімпаздары марапатталды. І орын Жаңақорған ауданынан Ақылбековтер отбасына, ІІ орын Жалағаш ауданынан Ахметжамиевтер отбасына, ІІІ орын Қызылорда қаласынан Әзілхановтар отбасына берілді.

Сондай-ақ ата-аналар мен әжелерге отбасы тәрбиесіне қосқан үлесі үшін құрмет көрсетілді. «Отбасы – тәрбие бесігі» бөлімінде әкенің бала тәрбиесіндегі орны, ата-ана жауапкершілігі, отбасылық дәстүрлер мен ата-әже өнегесі сөз болды.

Бағдарлама аясында «STOP – RESET – GO» психологиялық тренингі өтіп, қатысушылар эмоцияны басқару және күйзелісті азайту тәсілдерімен танысты. Ата-аналар мен оқушылар арасында ашық сұхбат ұйымдастырылды.

Кітап оқу мәдениетіне арналған бөлімде Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша сахналық көрініс көрсетіліп, «12 айда – 12 кітап» жобасы таныстырылды.

Шара соңында оқушылар «10 қадам – Адал азамат» перформансын ұсынып, адалдық, мейірім, жауапкершілік және азаматтық ұстаным құндылықтарын көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button