Жаңалықтар

Қызылордада 400 интернет-алаяқтық тіркелді

Шығын көлемі 763 млн теңгеден асты

Қызылордада интернет-алаяқтықтың кең тараған схемалары мен одан сақтану жолдары брифингте айтылды.


2026 жылдың 8 айында облыста 400 интернет-алаяқтық тіркеліп, азаматтарға 763 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 5,2%-ға төмендеген, ал ашылу көрсеткіші 56,2%-ға жетіп, 24,5%-ға жақсарған.

Полиция мәліметінше, алаяқтар жасанды интеллект арқылы белгілі тұлғалардың бейнесі мен дауысын қолдану, жалған инвестициялық жобалар ұсыну және әлеуметтік желілерде жоғары табысты жұмысқа шақыру сияқты тәсілдерді жиі пайдаланады.

Интернет мониторингі кезінде заңға қайшы белгілері бар 838 сайт пен сілтеме анықталып, бұғаттау үшін «Кибернадзор» жүйесіне енгізілген.

Брифингте «дропперлер» мәселесі де көтерілді. Бұл – алаяқтарға өздерінің банк карталары мен есепшоттарын пайдалануға беретін адамдар. Полиция олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Тұрғындарға күмәнді ұсыныстарға сенбеу, жеке деректерін бейтаныс адамдарға бермеу және қоңыраулар мен мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерді ашпау ұсынылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button