Жаңалықтар

Тоғыз қалада ауа ластанады

Ашық ауада жүруге шектеу қойылды

21 қыркүйекте Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, Павлодар, Атырау, Ақтөбе және Астанада, ал түнде Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Өскемен және Семейде ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Қолайсыз жағдай кезінде желдің әлсіреуі, тұман мен температуралық инверсия салдарынан зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуы ықтимал.

Мамандар ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуді шектеу ұсынылады.

Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру, ал спортпен шұғылдануды жабық ғимараттарда өткізу ұсынылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button