Жаңалықтар

Қызылорда облысының экономикасында оң өсім

Өңірде құрылыс көлемі 31,5%-ға артты

Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық статистика бюросының облыстық департаментінің басшысы Қайрат Абсұлтанов мәлімдеді.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп 7,2%, өңдеу өнеркәсібі 12,4%, ал негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,3%-ға өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 31,5%, көлік және қоймалау саласы 12,8%, бөлшек сауда 2,7% артты.

Өңірде 2 771 жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлердің жалпы алаңы 684,7 мың шаршы метрден асты. Қазіргі таңда облыс халқының саны 844,5 мың адамға жетіп, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 60 мыңнан асты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button