Жаңалықтар

Ақын Оңталап Базаралының шығармашылық кеші өтті

«101 өлең»: Сыр ақынының жаңа жыр жинағы таныстырылды

 А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде ақын Оңталап Базаралының «Поэзия төріндегі парасат» атты шығармашылық кеші өтті.

Шара ақынның құрметті зейнетке шығуына орай ұйымдастырылып, оған зиялы қауым өкілдері, белгілі қаламгерлер мен өнер қайраткерлері қатысты. Кеште облыс әкімінің құттықтауы жеткізіліп, ақынның әдебиет пен руханиятқа қосқан үлесі атап өтілді.

Кеш аясында Оңталап Базаралының «101 өлең» атты жаңа жыр жинағының тұсауы кесілді. Сондай-ақ ақынның өлеңдері оқылып, өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.

Мерекелік кеште Үміт Медеуова, Бексұлтан Орынбасар, Рауза Ысқақова, Залипа Төлепова, Сырым Әбдіразақов, Ердос Есқали, «Тұран» триосы мен «Ai-Aru» би ансамблі өнер көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button