Жаңалықтар

Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3 млрд доллардан асты

Өңделген өнім экспорты 35%-ға өсті

2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанның өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 3,04 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,1%-ға жоғары. Өңделген өнімнің жалпы аграрлық экспорттағы үлесі 54,1%-ды құрады.

Экспорттың өсуіне астық, ұн және май өнімдері үлес қосты. Сегіз айда 1,38 млн тонна бидай мен бидай-қара бидай ұны шетелге жөнелтілді. Күнбағыс, мақсары және мақта майларының экспорты 673 млн долларға жетті.

Сиыр етінің экспорты 78%-ға өсіп, 164 млн долларды құрады. Мал азығына арналған ұн экспорты 578 млн долларға жетті.

Кәсіпорындарды қолдау үшін 2024–2026 жылдары шамамен 230 млрд теңге бағытталған. Сонымен қатар жалпы құны 4 млрд долларға жуық алты инвестициялық жоба әзірленді.

2030 жылға қарай аграрлық экспорттағы өңделген өнім үлесін 70%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button