Жаңалықтар
Қазақстанда 2 мыңнан астам әйел медициналық тексеруден өтті
54 әйелден сүт безі обырына күдік анықталды

31 қазанда елімізде «Қызғылт қазан» науқаны аясында сүт безі обырын ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтті.
Акция барысында 2 198 әйел дәрігер кеңесін алды. Тексеру нәтижесінде 54 әйелден қатерлі ісікке күдік тудыратын белгілер, 180 әйелден обыр алды жағдайлары анықталды. Тағы 1 618 әйелден басқа аурулар табылды.
Жалпы 1 679 диагностикалық зерттеу жүргізілді. Оның ішінде маммография мен сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі бар.
Денсаулық сақтау министрлігі қатерлі ісікке күдіктің анықталуы диагноз расталды дегенді білдірмейтінін және қосымша тексеруді қажет ететінін ескертті.
Мамандар ауруды ерте анықтау емнің тиімділігін арттыратынын айтып, әйелдерді профилактикалық тексерулер мен скринингтерден тұрақты өтуге шақырады.



