Германияда жастардың жаппай шеруі өтті
Gen-Z қозғалысы Германияның 30-дан астам қаласын қамтыды

Германияда 31 қазанда өткен жастар наразылығы бірқатар қалада тәртіпсіздікке ұласты. Deutsche Welle мәліметінше, Gen-Z regelt қозғалысы ұйымдастырған шерулерге елдің 30-дан астам қаласында 100 мыңнан астам адам қатысқан.
Франкфуртте наразылық білдірушілер дүкендердің әйнектерін сындырып, полициямен қақтығысқан. Берлинде құқық бұзушылық жасағаны үшін 56 адам ұсталды. Ал Кельнде полиция шерушілерге қарсы су атқыштарды қолданды.
Жастар білім сапасын жақсартуды, өмір сүру құнының өсуіне қарсы шаралар қабылдауды және климатты қорғау саясатын күшейтуді талап етті. Сондай-ақ міндетті әскери қызмет енгізуге және әлеуметтік шығындарды қысқартуға қарсы шықты.
Айта кетейік, соңғы апталарда Франция мен Италияда да жастардың наразылық акциялары өткен. Италиядағы 30 қазандағы шеруге ұйымдастырушылардың мәліметінше, бір миллионнан астам адам қатысқан.
