Жаңалықтар

Мәлік Мұқашев үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық паратаеквондошы әлем чемпионатында алтын алды

Қазақстандық спортшы Мәлік Мұқашев Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өткен XI әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Бапкері Ербол Мерғалиевтің айтуынша, жарысқа әлемнің 50-ден астам елінен 250 паратаеквондошы қатысқан.

K-41 санатында 80 келі салмақта өнер көрсеткен спортшы жартылай финалда түркиялық, ал финалда ирактық қарсыласын жеңді.

Осылайша Мәлік Мұқашев мансабында үшінші рет әлем чемпионы атанды. Бұған дейін ол 2021 жылы Ыстанбұлда, 2023 жылы Веракруста өткен әлем чемпионаттарында алтын медаль иеленген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button