Жаңалықтар

Президент Жолдауын жүзеге асырудың өңірлік жоспары әзірленеді

Қызылордада дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы күшейтіледі

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режимде қатысты.

Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы Президент Жолдауын іске асыруға арналған өңірлік жоспар әзірлеп, бекітуді тапсырды. Облыстық экономика және қаржы басқармасы жоспарды 10 қарашаға дейін дайындауы тиіс.

Жиында халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесі де талқыланды. Биыл республикалық бюджеттен осы мақсатқа 12,9 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,9 млрд теңгеге көп.

«СК-Фармация» жыл басынан бері өңірге республикалық бюджет есебінен 11,9 млрд теңгенің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын жеткізген. Нәтижесінде 149 мың науқас 9,4 млрд теңгенің дәрілік заттарын алған. Сондай-ақ биылғы 10 айда 481 науқасқа 1,7 млрд теңгенің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары берілген.

Қазіргі уақытта облыстағы 14 медициналық ұйымда госпитальдық фармация бөлімшелері ашылған.

Мәжіліс қорытындысында облыс әкімі жыл соңына дейін тұрғындарды дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен толық қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар келесі жылға қажетті дәрі-дәрмек көлемін нақты жоспарлап, медициналық ұйымдардағы қорды тұрақты бақылау міндеттелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button