Жаңалықтар

Сахи Романовқа – 100 жыл

Музей қоры 30 туындымен толықты

Қазақстанның халық суретшісі, кескіндемеші, график және кино суретшісі Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ұлттық бояу. Мәңгілік мұра: Сахи Романов – 100 жыл» республикалық суретшілер симпозиумы ашылды.

Іс-шара суретшінің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілімінен басталды. Ашылу барысында оның қазақ бейнелеу өнеріндегі орны мен шығармашылық мұрасының маңызы атап өтілді.

Симпозиумға Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарынан және Қызылорда өңірінен 20 кәсіби суретші қатысуда.

Шарада облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов құттықтау сөз сөйлеп, симпозиумның өңірдің мәдени өміріндегі маңызына тоқталды. Сондай-ақ Әділғали Баяндин мен Аманкелді Кененбаев қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді.

Симпозиум аясында Қызылорда қаласының тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Оразбек Есенбаев облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына 30 графикалық туындысын сыйға тартты.

Суретші шығармаларының мазмұны мен жасалу ерекшеліктеріне тоқталып, туған жеріне деген ықыласын білдірді. Іс-шара оның көрмесін тамашалаумен жалғасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button