Жаңалықтар

Қызылордалық каратэшілер Қазақстан чемпионатында топ жарды

Қызылордалық спортшылар 8 медаль жеңіп алды

6–8 қараша күндері Астана қаласында ересектер арасында каратэден (WKF) Қазақстан чемпионаты өтті. Додада Қызылорда облысының құрамасы тарихи жетістікке жетіп, жалпыкомандалық есепте алғаш рет 1-орын иеленді.

Чемпионат қорытындысы бойынша жерлестеріміз 4 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Алтын жүлдегерлер:
Ерлер арасындағы командалық ката: Нұрлыбай А., Сәдірбайұлы Қ., Серіков Д., Бисембаев А. Жаңбырбай Мөлдір (50 кг); Ердәулет Әсемгүл (61 кг); Асылхан Ғалым (84 кг).

Күміс жүлдегерлер:
— Әйелдер арасындағы командалық ката: Ли Э., Мұқашева А., Құдайбергенова Г., Амангелді М.

Қола жүлдегерлер: Қонысбек Әлишершарип (55 кг); Нұрлыбай Асыланбек (жеке ката);
Ерлер арасындағы командалық кумитэ: Асылхан Ғ., Кубаш Б., Қонысбек А., Сәдірбайұлы Қ., Раимов Б., Әбзели М., Ниязбеков Е.

Басқа жаңалықтар

Back to top button