Жаңалықтар

Облыста еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Мұрат Ергешбаев жұмысшылардың құқығын қорғауды тапсырды

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өндірістік ұжымдардағы әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі мәселелері қаралды.

Жиынға мұнай-газ, құрылыс компанияларының, ірі кәсіпорындар мен шаруашылықтардың басшылары қатысты.

Күн тәртібінде жұмысшылардың құқықтарын қорғау, жалақыны уақытылы төлеу, еңбек жағдайын жақсарту және өндірістік қауіпсіздікті сақтау мәселелері талқыланды.

Аймақ басшысы еңбек шарты мен қауіпсіздік талаптарының сақталуы, жұмысшылардың жалақысы уақытылы төленуі тиіс екенін атап өтті.

Мәжіліс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге кәсіпорындардағы әлеуметтік ахуалды бақылау, еңбек заңнамасының орындалуын қадағалау және өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу жұмыстарын күшейту тапсырылды. Сонымен қатар құрылыс сапасы мен мерзімін бақылау міндеттелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button