
Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте отандық өндірісті дамыту және тауар өндірушілерді қолдау мәселелері қаралды. Осыған байланысты қала әкімі Нұржан Ахатов жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.
Жыл басынан бергі 10 айда қаладағы өңдеу өнеркәсібінде 87,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 15,5 пайызға өскен. Сондай-ақ жалпы құны 16,6 млрд теңгені құрайтын 299 кәсіпкерлік жоба қаржыландырылған. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне бағытталған 20 жобаға 563,8 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілді.
Қала әкімі отандық өндірушілерді қолдау жұмыстарын күшейтіп, кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен түсіндіруді тапсырды.



