Жаңалықтар

Жылыту маусымына дайындық басталды

Өңірде 1 074 әлеуметтік нысан толық дайын

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды. Жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты.

Биыл жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 5,5 млрд теңге бөлінді. Қаржыға 8,7 шақырым жылу желісі жаңғыртылып, газтурбиналық қондырғы, қазандықтар, турбина және жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір гидравликалық сынақтар өтуде.

Алдағы маусымда тұрғындар жаңа жылу-электр орталығының 4 қазандығы арқылы жылумен қамтылады.

Сонымен қатар 7,6 млрд теңгеге 460 шақырым электр желісі мен 134 қосалқы станция жөндеуден өтті.

Өңірдегі 1 074 әлеуметтік нысан 100 пайыз дайын. Қажетті көмір қоры – 80 мың тонна: 68 мың тонна тұрғындарға, 12 мың тонна әлеуметтік нысандарға қажет. Көмір қорын жинақтау бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button