
Қызылордадағы «Анаға тағзым» орталығында жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Айтбай Хангелдиннің туғанына 120 жыл толуына орай «Айтбай Хангелдин: ғибратты ғұмыр, тағылымды жол» атты салтанатты шара өтті.
Жиынға қала әкімі Нұржан Ахатов, қоғам қайраткерлері мен қаламгердің ұрпақтары қатысты. Дөңгелек үстелде жазушының өмірі мен шығармашылығы сөз болды.
Мерейтой аясында қаламгердің шығармашылық мұрасына арналған «Ізгі мұра» кітабының тұсауы кесіліп, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана қорына табысталды.
Айтбай Хангелдин әлем классиктерінің 20-ға жуық роман, повесть және пьесасын, сондай-ақ қырғыздың «Манас» эпопеясын қазақ тіліне аударған.




