Жаңалықтар

Қызылордалық кәсіпкер ұлттық бренд қалыптастыруда

Жазира Рамазан 6 адамды жұмыспен қамтып отыр

29 қазан – Кәсіпкерлер күніне орай Өңірлік коммуникациялар қызметінде шағын және орта бизнесті дамыту, ұлттық қолөнер мен креативті индустрия өкілдерінің жетістіктері талқыланды.

«Qoloner Brand» ательесі мен шеберханасының негізін қалаушы Жазира Рамазан кәсібін 2014 жылы үйден бастаған. 2020 жылы жеке шеберханасын ашып, бүгінде ұлттық нақыштағы киімдер тігіп, 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Кәсіпкердің айтуынша, кәсібін дамытуға мемлекеттік гранттар көмектескен. Ол ұлттық құндылықтарды дәріптеп, дәстүр мен заманауи сәнді үйлестіруге басымдық береді. Брифингте отандық өнімді брендке айналдыру және авторлық дизайн арқылы ұлттық стильді таныту мәселелері де сөз болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button