Жаңалықтар
Мобильді аударымдарға бақылау күшейді
1,56 млн теңгеден асқан аударымдар тексерілуі мүмкін

Қазақстанда жеке тұлғалардың мобильді аударымдарын тексеруге негіз болатын шекті сома 1 млн 560 мың теңгеге дейін ұлғайды.
Алайда бұл сомадан асу тексеруге автоматты түрде себеп болмайды. Ол үшін үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан көп әртүрлі адамнан ақша түсіп, аударымдардың жалпы сомасы белгіленген шектен асуы керек.
Банктер мұндай операциялар туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетіне Smart Data Finance жүйесі арқылы жібереді. Өзгеріске қатысты бұйрыққа Қаржы министрі Мәди Такиев қол қойды.



