
Өнер орталығында Тайжан Қалмағамбетов атындағы Ұлытау облыстық филармониясының «Ұлытаудан Сыр еліне ақ жолмен жеткен ән-сәлем» атты қайырымдылық концерті өтті.
Іс-шара тарихи тамыры ортақ екі өңірдің рухани байланысын нығайтуға, ұлттық өнерді насихаттауға және ел бірлігін дәріптеуге арналды. Концертке мәдениет және өнер қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қарттар үйі мен балалар үйінің тұрғындары, ұстаздар және қала тұрғындары қатысты.
Кеште облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Күлбаев шығармашылық ұжымға аймақ басшысының құттықтауын жеткізіп, гүл шоғын табыстады.

Ұлытау өнерпаздары көрерменге қазақтың әні мен күйін ұсынып, екі өңірдің мәдени сабақтастығын көрсетті.



