Жаңалықтар
Жаңақорғанда жаңа мәдениет ошағы салынуда
М. Нәлібаев ауылында 150 орындық нысан бой көтеруде

Жаңақорған ауданының М. Нәлібаев ауылдық округінде екі қабатты, 150 орындық клуб үйінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоба «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ демеушілігімен жүзеге асуда. Сонымен қатар нысанның 1,3 гектар аумағын абаттандыру және көгалдандыру жоспарланған.
Аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан құрылыс алаңына барып, жұмыс барысымен танысты. Мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасын сақтап, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Жаңа клуб үйі ауыл тұрғындарына мәдени іс-шаралар өткізуге және шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді.



