Жаңалықтар

125 тегін грант кімдерге бұйырады?

Университетте 345 студент жасанды интеллект бағытында білім алуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген жастарға қатысты міндеттер талқыланды.

Баспасөз конференциясына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры Уәлихан Ибраев пен қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Медет Жорабек қатысты.

Уәлихан Ибраевтың айтуынша, университетте жасанды интеллект институты жұмыс істейді. Қазір онда 345 студент киберқауіпсіздік, ақпараттық жүйелер және деректерді басқару бағыттары бойынша білім алуда. Сонымен қатар, 2026–2027 оқу жылына дарынды жастарға 125 ішкі білім гранты бөлінген.

Ал Медет Жорабек жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылық, нашақорлық, лудомания мен интернет-алаяқтықтың алдын алу маңызды екенін атап өтті.

Кездесуде жастардың сапалы білім алуы, жұмыспен қамтылуы, қоғамдық белсенділігі мен кәсіби дамуына қатысты мәселелер сөз болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button